Гүлбахыт Қайыржанова Қайыржанқызы – 2000 жылдың 12 ақпанында дүниеге келді. Қазіргі уақытта Атырау облысында тұрады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Гүлбахыт – F13 классында найза лақтырудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оның жеке бапкері – Нұрберен Аманғалиевич Әміржанов. Ол өзінің спорттық мансабын 7 жыл бұрын бастаған. Пара жеңіл атлетикадан найза лақтыру бойынша әлемдік Гран-при сериясының жүлдегері атанды.
Оның жетістіктерінің арасында :
– 2022 жылы Тунистегі Гран-при сериясының жүлдегері
– 2024 жылы Мароккодегі Гран-при сериясының жүлдегері
– 2023 жылы Дубайдағы Гран-при сериясының жүлдегері
– 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия пара ойындарында 4-орын
– 2024 жылы Кобеде өткен (Жапония) Лицензиялық әлем чемпионатында 4-орын