Измаганбетов Берік – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Измаганбетов Берік

Измаганбетов Берік Аманқосұлы – 1985 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келген. Атырау облысында тұрады. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «Инженер» мамандығы бойынша бітірген.

Берік волейболды  отырып ойнаудан  халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Волейболды отырып ойнаудан  ұлттық құраманың  мүшесі. Спорттық мансабы 12 жыл бұрын басталған. VS1 классы бойынша  өнер көрсетеді. Жеке жаттықтырушысы – Ернар Жақсығалиұлы Матеуов.

Негізгі жетістіктері:

– 2017 жылы  Ханчжоу қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

– 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

– 2022 жылы Ханчжоу қаласында өткен Азия пара ойындарында күміс жүлдегер атанды.

– 2023 жылы Астанада өткен лицензиялық Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.