Милана Красавцева Даниловна – 2005 жылы 24 маусымда туған. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында тұрады. «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқиды. Милана 52 кг салмақ дәрежесінде, К 44 классында өнер көрсетеді. Ол осы салмақ дәрежесіне 2024 жылы көшті. Оның жеке жаттықтырушысы – Айса Еркін Мұсаұлы. Ол спорттық мансабын 3 жыл бұрын бастаған. Осы уақыт ішінде ол 9-Азия Ашық Чемпионатында (2024 жыл), 2024 WT – Азия Президенті Кубогында, сондай-ақ Парижде өткен Азия іріктеу турнирінде (2024 жыл) қола медальді жеңіп алды.