Нұрлан Домбаев – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Нұрлан Домбаев


Нұрлан Домбаев Русланұлы – 1981 жылы 15 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген, қазіргі таңда сол жерде тұрады. Жоғары білімін Атырау мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша алды. Нұрлан пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 80 кг салмақ дәрежесінде, K44 классында өнер көрсетеді. Оның жеке жаттықтырушысы – Асан Рахметуллаевич Қассаев. Нұрлан спорттық мансабын 10 жыл бұрын бастады. Негізгі жетістіктері:

– 2021 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Стамбул қаласы (Түркия)

– 2021 жылы 9-Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Стамбул қаласы (Түркия)

– 2022 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Хошимин қаласы (Вьетнам)

– 2022 жылы Еуропа WT Президенті  кубогының чемпионы, Дуррес қаласы (Албания)

– 2022 жылы  Гран-придің күміс жүлдегері, Париж қаласы (Франция)

– 2022 жылы Гран-придің  күміс жүлдегері, Манчестер қаласы (Англия)

– 2022 жылы Гран-придің  қола жүлдегері, Эр-Рияд қаласы (Сауд Арабиясы)

– 2022 жылы  Азиа пара ойындарының қола жүлдегері (Ханчжоу)

– 2023 жылы Солидарис турнирінің чемпионы, Монтаржи қаласы (Франция)

– 2023 жылы 8-Азия чемпионатының қола жүлдегері, Бейрут қаласы (Ливан)

– 2023 жылы Гран-придің  күміс жүлдегері, Веракрус қаласы (Мексика)

– 2024 жылы WT Азия Президенті кубогының қола жүлдегері (Иран)