Қасқабаев Ерік – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қасқабаев Ерік

Қасқабаев Ерік Дәулетбекұлы – 1986 жылдың 23 наурызында дүниеге келген. Қызылорда облысында тұрады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ерік  волейболды отырып ойнаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.Волейболды  отырып ойнаудан ұлттық құраманың  мүшесі. Спорттық мансабы 21 жыл бұрын басталған.

VS1 классында  өнер көрсетеді. жетістіктері:

– 2017 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

– 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

– 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия пара ойындарында күміс жүлдегер атанды.

– 2023 жылы Астанада өткен лицензиялық Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.