Рахметжан Хамаев – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Рахметжан Хамаев

Рахметжан Хамаев Мансұрахынұлы – 1986 жылы 25 қарашада дүниеге келген, Алматы облысы, Шонжа ауылында тұрады. Орта білімі бар.

Рахметжан – пара пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 88 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Жеке бапкері – Денис Викторович Орлов.

Спорттық мансабы 15 жыл бұрын басталды. 2020 жылы Токио Паралимпиада ойындарына қатысты.

Негізгі жетістіктері:

– 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды.

– 2021 жылы Грузияда өткен Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

– 2022 жылы Кореяда өткен Азия және Океания чемпионатында күміс жүлдегері атанды.

– 2023 жылы Тбилисиде (Грузия) өткен Әлем кубогының чемпионы атанды.

– 2023 жылы Ханчжоуда (Қытай) өткен Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды.

– 2024 жылы Паттайя (Тайланд) 2024 Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.