Сартаев Бауыржан – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сартаев Бауыржан

Сартаев Бауыржан Қайырғалиұлы – 1988 жылдың 9 сәуірінде дүниеге келген. Атырау облысында тұрады. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Бауыржан волейболды отырып ойнаудан  халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Волейболды отырып ойнаудан  ұлттық құраманың  мүшесі. Спорттық мансабы 15 жыл бұрын басталған. VS1 сыныбында өнер көрсетеді. Жеке жаттықтырушысы  –  Матеуов Ернар Жаксыгалиұлы.

Негізгі жетістіктері:

– 2017 жылы  Ханчжоу қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

– 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

– 2022 жылы  Ханчжоу қаласында өткен Азия пара ойындарында күміс жүлдегер атанды.

– 2023 жылы Астанада өткен лицензиялық Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.