Шамей Ерғали – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Шамей Ерғали


Шамей Ерғали – 1985 жылы 26 тамызда дүниеге келген. Астана қаласында тұрады. Алты бала тәрбиелеп отыр. Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

Ерғали пара дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Спорттық мансабы 8 жыл бұрын басталды. J1 санатында , 73 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Жеке жаттықтырушысы – Дәурен Оразұлы Оразов.

Негізгі жетістіктері:

– 2022 жылғы Азия Пара ойындарының чемпионы

– 2022 жылғы Әлем чемпионатының чемпионы

– 2023 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері