Смағұлұлы Ғалымжан – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Смағұлұлы Ғалымжан


Смағұлұлы Ғалымжан – 1990 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Атырау қаласында тұрады. Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. Ғалымжан пара дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спорттық мансабы 8 жыл бұрын басталды. J2 санатында, 90 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Жеке жаттықтырушысы – Жандос Қарақожаұлы Киянов.

Негізгі жетістіктері:

– 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері

– 2022 жылғы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері