Сүйеуов Жаңғали – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сүйеуов Жаңғали

Сүйеуов Жаңғали Сүйеуұлы – 1983 жылдың 8 шілдесінде дүниеге келген. Атырау облысында тұрады.

Жаңғали волейболды отырып ойнаудан  халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Волейболды отырып ойнаудан  ұлттық құраманың мүшесі. Спорттық мансабы 16 жыл бұрын басталған. VS1 классында өнер көрсетеді. Жеке жаттықтырушысы – Тұрлан Қуанышкерейұлы Қаратаев.

Негізгі жетістіктері:

– 2017 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

– 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

– 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия пара ойындарында күміс жүлдегер атанды.

– 2023 жылы Астанада өткен лицензиялық Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.