Жұмағали Нұрдаулет – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жұмағали Нұрдаулет


Жұмағали Нұрдаулет Мақсұтұлы – 1999 жылы 28 қаңтарда Алматыда қаласында туған, қазіргі уақытта  Тараз қаласында тұрады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген .

Нұрдаулет Жұмағали – жүзуден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Оның жеке жаттықтырушысы – Саттар Ерғалиұлы Бейсембаев.  Нұрдәулет S12, SB 12, SM 12 класстарында 100 м брасс және 200 м кешенді жүзу дисциплиналарында өнер көрсетеді. Спорттық мансап 13 жыл бұрын басталды. Ол 100 м қашықтықта  брасс  дисциплинасы бойынша пара жүзуден қола жүлдегер және Әлем кубогының бірнеше дүркін жүлдегері атанды.  2020 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды.

Оның жетістіктеріне мыналар жатады:

  • Токио – 2020 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері (100 м брасс)
  • Әлем чемпионатының (2022) – күміс  жүлдегері (100 м брасс)
  • Әлем чемпионатының (2023) – күміс жүлдегері  (100 м брасс)
  • Азия пара ойындарының екі дүркін чемпионы (100 м брасс және 200 кешенді жүзу)