Қазақстандық пара спортшылар қол күрестен Әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық пара спортшылар қол күрестен Әлем чемпионатында топ жарды

Үндістанның Дели қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында қол күрестен Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 24 алтын, 24 күміс және 18 қола медаль жеңіп алды. Оған қоса жалпыкомандалық есепте әйелдер құрамасы бірінші, ал ерлер командасы екінші орын алды.

«Қол күрестен XXVIII Әлем чемпионаты Қазақстан командасы  үшін биылғы жылдың басты жарысы болды. Байрақты бәсекеде 67 спортшы оң және сол қол күресінен сынға түсті. Әлем чемпионатында алғаш рет қол күресінен әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл жарысқа біз бір жыл көлемінде тыңғылықты дайындалдық. Халықаралық аренада Қазақстан командасының басты қарсыластары атанған Украина, Түркия, Ресей Федерациясы және Грузия спортшыларының күресу әдістері мен тактикалық ерекшеліктерін жан-жақты саралап, дайындыққа ерекше мән бердік»,- деді қол күрестен Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы Виталий Трубин.

Айта кетейік, қол күрестен Әлем чемпионатына 1-2 қараша аралығында өтті. Жарысқа 50 елден 500-ден аса спортшы қатысты.

Қазақстандық пара спортшылар қол күрестен Әлем чемпионатында топ жарды

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары