Қазақстандық пара спортшылар тоғызқұмалақтан Әлем кубогында топ жарды

Қазақстандық пара спортшылар тоғызқұмалақтан Әлем кубогында топ жарды

Румынияның Бухарест қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Әлем кубогында қазақстандық спортшылар 12 алтын, 12 күміс және 10 қола медаль еншіледі.  Жарыс классика, рапид және блиц ойын түрлері бойынша өтті. 

Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында классикалық тоғызқұмалақтан Тажигали Ходжамуратов пен Гульнарям Абдугапова алтын медальға қол жеткізді. Мырзабек Наурызбекұлы мен Алмахан Илясова күміс жүлдеге ие болса, Ернұр Мұратқалиев пен Жамила Мамбеева үшінші орыннан көрінді.

Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында классикалық тоғызқұмалақтан Мейрамбек Аманша мен Мадина Игиликова чемпион атанды. Мусрят Елибакиев пен Гулжан Килыбаева екінші орынға ие болса, Ақжол Бектұрған мен Динара Диярова қола медальді иеленді.

Рапид сайысында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында Мырзабек Наурызбекұлы мен Гүлім Шаукеева бірінші орынға ие болды. Дастан Үміткқалиев пен Жамила Мамбеева күміс медаль еншілесе, Тажигали Ходжамуратов пен Гульнарям Абдугапова үшінші орынға тұрақтады.

Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында рапид бойынша Мусрят Елибакиев пен Динара Диярова алтын медальді иеленді. Ришат Шәміл мен Гульжан Килыбаева күміс жүлдеге ие болды. Ал Мейрамбек Аманша мен Аружан Кутубай қола медальді еншіледі.

Блиц ойын түрінде тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында Болтай Адият пен Жамила Мамбеева бірінші орын алды. Алібай Жомартәлі мен Алмахан Илясова күміс жүлде алса, Ернұр Мұратқалиев қола медальді иеленді.

Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында блицте Ришат Шәміл мен Нұрдана Сарбай бірінші орынға ие болды. Алмахан Илясова мен Аружан Кутубай екінші, ал Гульжан Килыбаева үшінші орын алды. 

Айта кетейік, тоғызқұмалақтан әлем кубогында 21-29 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Румыния, Испания, Түркия, Чехия, Украина, Қырғызстан, Молдова және Венгриядан 80-ге жуық спортшы қатысты.



Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары