Қазақстандық сурдо дзюдошылар Ecole Mont-Olivet Deaf Judo Masters  турнирінде топ жарды

Қазақстандық сурдо дзюдошылар Ecole Mont-Olivet Deaf Judo Masters турнирінде топ жарды

 Щвейцарияның Лозанна қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дзюдодан Ecole Mont-Olivet Deaf Judo Masters халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар 7 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Ғұлама Хамзе (66 кг), Шадияр Қуандық (73 кг), Еркебұлан Канафин(81 кг), Айдос Тугельбаев (90 кг), Фериде Кара Оглы (52 кг), Эвелина Егембердиева (63 кг) және Анна Краморова (78 кг) жеңімпаз атанды. Айым Жетписбаева  (-48 кг) мен Сабиржан Хапизов (+100 кг) күміс, ал Алтынбек Кәкітаев (- 60 кг) қола жүлдені  еншіледі.   «Сурдо дзюдодан Қазақстан командасының спортшылары 10 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Оның ішінде жарыстағы он екі алтын медальдің жетеуін спортшыларымыздың жеңіп алғаны қуантады. Осы жарыста екінші орынды Франция (1 алтын, 1 күміс, 1 қола),үшінші орынды Әзербайжан (1 алтын, 1 қола) құрамасы алды.   Алдағы уақытта сурдо дзюдодан Қазақстан командасының спортшылары Францияның Нантер қаласында Grand Slam жарысы күтіп тұр. Аталмыш додада спортшыларымыз сәтті өнер көрсетеді деп сенеміз»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің басшысының міндетін атқарушы  Абай Ахметов.     Айта кетейік, сурдо дзюдодан Ecole Mont-Olivet Deaf Judo Masters жарысы 26-30 тамыз аралығында өтті. Жарысқа 14 елден 140 аса спортшы қатысты.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары