Дубайда (БАӘ) қарашаның 15 мен 21 аралығында пара-каратеден әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 20 мемлекетінен 50-ден астам спортшы қатысты.
Көру қабілеті төмен спортшылар арасында бәсекеге Қазақстан құрамасы сапында – Лязат Жүсіпова мен Керім Бексырғаұлы өнер көрсетсе, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында – Дидар Мұхамеджанов, ерекеше спешл санатындағы спортшылар арасында – Данил Никитин болды.
Жарыс «Ката» жүйесі бойынша өткізілді.