2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының 2 Спартакиадасының қорытындылары – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының 2 Спартакиадасының қорытындылары


2018 жылғы 13-18 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында (Қазақстан) сурдлимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының 2 Спартакиадасы өтті, оған 14 облыстан және екі қаладан (Алматы қ. және Астана қ.) спортшылар қатысты.

Спартакиадада сайыстар спорттың 10 түрі бойынша өтті: жеңіл атлетика, еркін күрес, үстел теннисі, грек-рим күресі, бадминтон, жүзу, шахмат, мини футбол, дзюдо, армрестлинг.

Спартакиада қорытындылары бойынша: 1 орынды Алматы қаласының спортшылары (жиналған ұпай саны 132), 2 орынды Ақтөбе облысының спортшылары (жиналған ұпай саны 112), 3 орынды  Түркістан облысының спортшылары (жиналған ұпай саны 107) иеленді.

Аталған командалардан, спорт түрлері бойынша қатысушылардың саны ең көп болғандығын атап өту керек.

Қатысушылар саны ең аз болып, төмен нәтижелер көрсеткен командалар:

–  Павлодар облысы (жиналған ұпай саны 40) – 14 орын

– Атырау облысы (жиналған ұпай саны 38) – 15 орын

–  Қызылорда облысы (жиналған ұпай саны 23) – 16 орын

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

12 − 6 =