Спорт күніне арналған турнир Астана қаласында 18 тамызда өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Спорт күніне арналған турнир Астана қаласында 18 тамызда өтті


Спорт күні – республикалық спорт мерекесі болып саналады, ол еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Спорт күні жыл сайын, тамыз айының әр үшінші жексенбісінде аталып өтеді, бұл мереке Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығының негізінде құрылды. Осы уақыт аралығында мереке біздің елдің көптеген спорт сүйер қауымы арасында өте танымал болды, оның өткізілуі кезеңінде марафондар, веложарыстар және көптеген басқа да бұқаралық іс-шаралар өтеді. Спорт күні еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Мини-футболдан, волейболдан, үстел теннисінен және шахматтан жарыстар астанада 18 тамызда өтті. Турнирге Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ведомстволық бағынышты ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Мықтылар атану үшін ерлер де, әйелдер де тартысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстар қазақстандықтардың көпшілігін спортқа тартуға шақырады және жеңіске қол жеткізу үшін дамуға ынталандырады. Іс-шара жыл сайын өтеді және Спорт күніне арналады.

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК волейбол мен үстел теннисінен өткен турнирге белсенді ат салысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × four =