Нышан Өмірәлі ширек финалда АҚШ спортшысына есе жіберді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Нышан Өмірәлі ширек финалда АҚШ спортшысына есе жіберді


Паралимпиада ойындарының ширек финалында пара таеквондодан К44 +80 кг санатында Нышан Өмірәлі АҚШ спортшысы Эван Медельмен жекпе-жек өткізді. Тартысты кездесуде Нышан 13:3 есебімен жеңілді.

Нышанның келесі жекпе-жегі Астана уақыты бойынша сағат 20:53-те өтеді. Еліміздің спортшысы қола медальға таласу мүмкіндігі үшін жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × two =