Бүгін, 31 тамызда, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама команда Паралимпиада ойындарының топтық кезеңіндегі екінші ойынын Босния және Герцеговина құрамасымен өткізді.
Қарсылас команда Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы болып келеді. Бірінші сет тартысты өтіп, босниялықтар 26:24 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте де Босния құрамасы өз үстемдігін сақтап, 25:13 есебімен аяқтады. Алайда, қазақстандық команда үшінші сетте тамаша ойын көрсетіп, 25:14 есебімен жеңіске жетті. Төртінші сетте 25:21 есебімен Қазақстанның пайдасына шешілді, бірақ шешуші бесінші сетте Босния құрамасы 15:8 есебімен басым түсті. Кездесудің нәтижесі бойынша қарсылас команда еліміздің құрамасын 2:3 есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 2 қыркүйек күні Астана уақытымен 15:00-де Египет құрамасына қарсы өткізеді.