Өзбекстанның Әндіжан қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында үстел теннисінен халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Жарысқа ТМД елдерінен 50-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстандық теннисшілер турнирдің үздік үштігіндегі ойыншылар қатарынан көрінді. Жұптық ойындарда қазақстандықт Данияр Ескендіров пен Қанат Қоңқыбаев күміс медальға ие болды. Сондай-ақ Данияр Искендиров жеке сайыстар бойынша бәсекелестікте, қола медальға қол жеткізді.
Қазақстан командасын аға жаттықытрушы Серик Данияров басқарды.