Түркияда көру және есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбы 64-тен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 медаль еншіледі.
Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы командалық тарыста екі бірдей Қазақстандық команда жүлдегер атанып, 1-ші және 2-ші орынды жеңіп алды. Ал үшінші орын Польша командасына бұйырды. Ересектер арасында жекелей сында классикалық стильде Берик Турманов қола жүлдегер атанды.
Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы бәсекеде классика стилінде Сәлімжан Ермағанбетов пен жастар арасында рапидтен Данил Гайнулин қос күміс медаль еншіледі. Сонымен қатар Данил классикалық стильде ел қоржынына қола медаль қосты. Ересектер арасында командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы 3-ші орыннан көрінді.
Айта кетсек, дойбы 64-тен әлем чемпионаты Кемер қаласында 20-31 мамыр аралығында өтті. Жарысқа 8 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты.