Ержан Естаев «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ержан Естаев «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалды


Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Cпорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен Ержан Естаев «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалды.

Ержан Есімханұлы Естаев 1983 жылы 5 ақпанда дүниеге келген. М.О. Әуезов атындағы Семей университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді, сондай-ақ Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша оқыды.

Мансап

 2004-2006 ж.ж. Семей қаласында №5 мектеп-интернатында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы.

2006-2007 ж.ж. Семей қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде дене шынықтыру және спорт мұғалімі.

2007-2009 ж.ж. Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

2009-2014 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт Басқармасының «Семей қаласы бойынша №2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

2014-2015 ж.ж. Семей қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары.

2015-2022 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт Басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

2022-2023 ж. Абай облысының дене шынықтыру және спорт Басқармасы басшысының орынбасары.

2024 ж. қаңтар-2024 ж. мамыр «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директордың қаржы және ұйымдастыру қызметі жөніндегі орынбасары (директордың м.а.).

2024 ж. мамырдан бастап «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × one =