Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама АҚШ-та оқу-жаттығу жиындарын өткізуде – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама АҚШ-та оқу-жаттығу жиындарын өткізуде


12-20 маусым аралығында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан  ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны АҚШ-тың Эдмонд қаласында өтуде.

«АҚШ және Қазақстан құрамалары  әлемдік рейтингте үздік 8 команда қатарына кіреді. Оқу-жаттығу жиынында басты міндет Париж Паралимпиадасы алдында ұлттық құраманының дайындығын шыңдау және тәжірибе алмасу. Ол үшін жұмысқа спорттық дәрігерлер, массажистер және волейбол статисттері бар арнайы кешенді-ғылыми топ тартылды. Сонымен қатар АҚШ-тың волейболды отырып ойнаудан департаментінің басшысы Эллиот Блейк және АҚШ ерлер құрамасының бас бапкері Грег Уокермен кездесу өткізіліп, болашақта бірлескен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға араналған спорттық даярлау орталығының паралимпиадалық спорт түрілері бөлімінің басшысы Батыр Қадырбайұлы.

Еске сала кетсек, Париж-2024 Паралимпиада ойындарында  әлемнің тек 8 командасы бақ сынайды.   Қазақстан құрамасы 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанып, Паралимпиада ойындарына лицензияны жеңіп алған болатын.

 


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

15 − seven =