Қазақстандықтар пара жеңіл атлетикадан әлемдік гран-при жарысында жүлдегер атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандықтар пара жеңіл атлетикадан әлемдік гран-при жарысында жүлдегер атанды


Парижде пара жеңіл атлетикадан әлемдік гран-при жарысының бірінші күнінде қазақстандық спортшылар ел қоржынына екі медаль салды.

Ядро итеруден F-36 классында  өнер көрсеткен қазақстандық Дастан Мукашбеков снарядты 14,20 метрге жеткізіп күміс жүлдегер атанса, отандасымыз Иван Зелезняк   осы класста 12,34 көрсеткішімен қола медальға ие болды. Ал, алтын медальді 15,24 нәтижесін көрсеткен өзбекстандық спортшы Хуснидин Нурбеков еншіледі.

Айта кетсек, әлемдік Гран-при жарысы маусымның 13-14 аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы сапында 7 спортшы ядро итеру, диск лақтыру, найза лақтыру және әр түрлі дистанцияға жүгіруден өнер көрсетеді. Жарыста әлемнің  56 мемлекетінен 380 астам спортшы бақ сынауда.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × 2 =