СПОРТТА ШЕКАРА ЖОҚ! СПОРТ БАРЛЫҒЫНА БІРДЕЙ! – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

СПОРТТА ШЕКАРА ЖОҚ! СПОРТ БАРЛЫҒЫНА БІРДЕЙ!


Жыл сайын маусым айында Қазақстанның түкпір-түкпірінен мүгедектігі бар балалар мен жастарды тартуда Астана спорт орталығына айналып келеді.

Астанада 13-15 маусым аралығында бесінші рет «CHILDREN PARALYMPIC GAMES 2024» инклюзивті спорт фестивалі өтеді, оған Қазақстанның 23 қаласынан кемінде 400 ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар қатысады.

Фестивальдің мақсаты – әлеуметтік оңалту, яғни мүгедектігі бар балалар мен жастарды бейімделген спорт арқылы бәсекеге қабілетті ету, белсенді өмір салтын нығайту.

Жарыстың артықшылығы – тек «ерекше» балалар ғана емес, дені сау құрдастарының да қатысуы. Барлық қатысушылар жасы мен жынысынан бөлек сырқат түрлеріне қарай жіктеледі. Дені сау спортшылар дені саулармен бәсекелессе, ал церебралды сал ауруы, көру, есту қабілетінің бұзылуы, Даун синдромы, аутизм, бұлшықет дистрофиясы, сөйлеу дамуының кешігуі сияқты диагноздары бар спортшылар да топтарға бөлініп, тең физикалық және интеллектуалды мүмкіндіктерді ескере отырып бәсекеге түседі.

Түрлі спорт жарыстарын өткізу мүгедектігі бар балалар мен жастардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға ынтасын, сондай-ақ әлеуметтік белсенділігін, сенім мен өзара сыйластығын арттырады. Мүгедектігі бар балалар мен дені сау балалардың арасындағы достық байланыстарды инклюзивті спорттық-мәдени іс-шаралар өткізу арқылы нығайту басты мақсаттардың бірі.

Аталған жоба аясында спорттың 11 түрі бойынша Қазақстанның 23 қаласында бірнеше жылдан бері мүгедектігі бар 1100 бала мен жастарға арналған жыл бойы тегін бейімделген спорт секциялары жұмыс істейді. 23 қаланың әрқайсысында «CHILDREN PARALYMPIC GAMES 2024» жарыстарында өз қалаларының атынан өкілдік ету құқығын жеңіп алған үздік спортшыларды анықтаған іріктеу жарыстары өткізілді.

Сондай-ақ спорт фестивальі аясында 7 қаладан «инклюзивті хорегорафия» үйірмелерінің тәрбиеленушілері арасында инклюзивті би байқауы өтеді.

2019 жылдан бастап «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жобасының бас серіктесінің қолдауымен бірегей және ауқымды фестиваль өткізіп келеді, ал 2021 жылдан бастап фестивальдің әлеуметтік серіктесі қазақстандық бочча Федерациясы болып табылады.

Жыл сайын фестивальге қатысушылар мен бейімделгіш спорт секцияларының тәрбиеленушілер саны артып, спорттық волонтерлік қарқын алуда. Осылайша қоғам инклюзияны түсінуге жақындап келеді.

Аккредиттеу мәселелері бойынша төмендегі нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Пиар менеджер Әбдіраш Балжан, 8 775 811 11 20, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ директоры Ұлжекова Нұргүл, 8 701 710 70 68

 

   «CHILDREN PARALYMPIC GAMES 2024» ФЕСТИВАЛІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Өткізілетін күні Уақыты Атауы Өткізілетін орны
12 маусым Күні бойы Қатысушылардың келуі «IBIS», «Park Inn»,  «Жекпе Жек» қонақ үйлері

 

13 маусым

10:00-11:00 Ашылу салтанаты «Жекпе Жек» сарайы, Қабанбай батыр 43 даңғылы
14:00-17:00 Би конкурсы Оқушылар сарайы, Момышұлы 5 көшесі

 

 

 

14 маусым

9:00-18:00

Спорттың түрлері бойынша жарыстар:

1) адаптивті жүзу

2) адаптивті каратэ

3) адаптивті таэквондо

4) адаптивті дзюдо

5) адаптивті футбол

6) Голбол

7) Бочча

8) адаптивті жеңіл атлетика

9) CPU футболы

10) адаптивті пионербол

11) үстел теннисі

«Жекпе Жек» сарайы, Қабанбай батыр 43 даңғылы

Оқушылар сарайы, Момышұлы 5 көшесі

15 маусым 11:00 Марапаттау рәсімі Оқушылар сарайы, Момышұлы 5 көшесі
16  маусым Күні бойы Қатысушылардың кетуі «IBIS», «Park Inn»,  «Жекпе Жек» қонақ үйлері

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nine + eight =