Қазақстандықтар пара пауэрлифтингтен әлем кубогының алғашқы күнінде 5 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандықтар пара пауэрлифтингтен әлем кубогының алғашқы күнінде 5 медаль жеңіп алды


Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем кубогының алғашқы күнінде Қазақстандық спортшылар 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Фархат Мутунов 49 кг дейінгі  салмақта жастар арасында 1-ші орын және үш тәсілдің ұпай санының  қосындысы бойынша  2-ші орынды алды.

Ересектер арасында Ерболат Карибай 49 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің ұпай санының  қосындысы бойынша  3-ші орынға ие болды.

Әйелдер арасында  45 кг дейінгі салмақта Тұрсынай Қабыл 3-ші орын және үш тәсілдің ұпай санының қосындысы бойынша 2-ші орын алып, әлемдік рейтинте 7-ші орынға көтерілді.

«Әлем Кубогы спортшыларымыз үшін сәтті басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Тұрсынай Қабыл жақсы нәтиже көрсетіп, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясына үміткерлер қатарына кіруге мүмкіндік алды. Пара пауэрлифтингтен лицензия иегерлерінің толық тізімі 5 шілдеден кейін белгілі болады», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Ұлан Ануар.

Айта кетсек, пара пауэрлифтинтен әлем кубогы Париж-2024 Паралимпиадасына ақтық рейтинтік жарыс болып келеді. Жарысқа 72 мемлекеттен 330 спортшы жиналды. Ұлттық құрама сапында 12 спортшы өнер көрсетеді. Жарыс 26 маусымға дейін жалғасады.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 − six =