Қазақстандықтар Сингапурда өткен пара жүзу Әлемдік серия кезеңінде медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандықтар Сингапурда өткен пара жүзу Әлемдік серия кезеңінде медаль жеңіп алды


Сингапурда пара  жүзуден Әлемдік серия кезеңі  аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық пара жүзушілер бір алтын және екі қола медаль ұтып алды.

Зульфия Ғабидуллина  кешенді  жүзуде 150 м қашықты  3:43.87 уақытымен өтіп,  алтын медаль иеленді. Ал 50 м баттерфляйда және шалқалап жүзуде отандасымыз  Сиязбек Далиев   екі қола  медальді  еншіледі.

Аталған жарыста еліміздің атынан   тағы екі спортшы Диас Кенжебек пен Нұрдәулет Жұмағали қатысты.

Айта кетсек, бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына қатысу үшін іріктеу жарысы болып табылады. Бұл сайысқа әлемнің 22 елінен 126 спортшы қатысты. Жарыс 17-19 мамыр аралығында өтті.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fifteen + 19 =