Данангта қазақстандық пара таеквондошылар 2 күміс және 3 қола медаль женіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Данангта қазақстандық пара таеквондошылар 2 күміс және 3 қола медаль женіп алды


Қазақстандық пара таеквондошылар Мәрьям Сәлімгереева (65 кг) және Әлішер Гариполлаев (+80 кг) IX ашық Азия чемпионатында күміс медаль ұтып алды. Ал Милана Красавцева (52 кг), Кәмиля Досмалова (57 кг) және Жанболат Қазиев (+80 кг) осы жарыста қола медаль еншіледі.

«Пара таеквондодан Азия ашық чемпионаты – кезекті рейтингтік жарыстардың бірі болып табылады. Жарысқа әлемнің 25 елінен 113 пара спортшы бақ сынады. Чемпионатта еліміздің атынан 19 спортшы қатысып, бес медаль жеңіп алды. Өздеріңіз білетіндей, пара таеквондошылар  Нұрлан Домбаев, Кәмиля Досмалова және Нышан Өмірәлі Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алған болатын. Спортшылар Парижде медаль үшін күресте бар күш – жігерін салады деп үміттенеміз», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда бастығы Ерлан  Сүиеуов.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × 2 =