Серік Солтанов шахматтан әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Серік Солтанов шахматтан әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды


Арменияның Гюмри қаласында тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтуде. Жарыста қазақстандық спортшы Серік Солтанов блицтан күміс медаль жеңіп алды. Бірінші орынды беларуссиялық Михаил Дженисия, ал үшінші орынды польшалық Марчин Молена иеленді.

«Әлем чемпионатының финалы тартысты өтті. Серік Солтанов 7 турдың қорытындысы бойынша 5,5 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштермен польшалық Марчин Молена мен филиппиндік Северино Сандерден басым түсті. Ал чемпионаттың алтын жүлдесі 6 ұпай жинаған беларустық спортшыға бұйырды», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт бөлімінің басшысы Ануар Манашев.

Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионаты 29 шілдеге дейін жалғасады. Жарысқа 15 елден 50 спортшы қатысуда. Олардың ішінде еліміздің атынан Серіктен Солтанов, Алимжан Аяпов, Бақытжан Майкенов пен Аружан Байділә блиц, классика, рапид ойын түрлерінен қатысып, бақ сынайды.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

6 − three =