Фаина Мейрманова сурдо жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Фаина Мейрманова сурдо жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанды


Қазақстандық спортшы Фаина Мейрманова есту қабілеті  зақымдалған спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында 1м 76 см биіктікке секіріп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды нидерландық Ханна Сураветс (1 м 73 см), ал үшінші орынды  украиндық Катерина Потапенко (1 м 67 см) алды.

«Осы нәтижесімен Фаина  жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты. Биіктікке секіру дисциплинасы  бойынша соңғы әлемдік рекортты  Валерия Боровская 1 м 71 см нәтижесімен 2011 жылы Түркия елінде өткен әлем чемпионатында  орнатқан болатын. Фаина әлем чемпионатында көрсеткен үздік нәтижесімен 2025 жылы Японияда өтетін Сурдлимпиада ойындарына жолдама алды», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт бөлімінің  басшысы Ануар Манашев.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 17 – 23 шілде аралығында Тайбей қаласында өтті. Байрақты бәсекеге 40 елден 300 – ден астам спортшы сынға түсті. Аталмыш жарысқа ұлттық құрамадан 8 спортшы бақ сынады.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nineteen + 16 =