Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы басталды


Бүгін  Шымкентте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының III Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Төрт жылда бір рет өткізілетін жарысқа еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы келді.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің Спорт және дене шықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы әр өзінің бастауында спортқа және бұқаралық спортқа үлкен көңіл бөледі. Соның арқасында  биылғы жылы Сурдлимпиада ойындарында спортшыларымыз тарихи жетістіктерге жетті. Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жетістікке жетуіне   жағдайлар жасалып, қолдау көрсетілуде. Спартакиада қатысушыларына сәттілік пен толағай табыс тілеймін! Шын үздіктер әділ анықталып, ең мықты спортышлар жеңіс тұғырынан көрінсін!», – деді Самат Ерғалиев.

Жарыста спорттың 11 түрінен 150 медаль ойнатылады:

·        Армрестлинг ·        Жеңіл атлетика
·        Бадминтон ·        Жүзу
·        Грек-рим күресі ·        Футзал
·        Еркін күрес ·        Таеквондо
·        Дойбы

·        Үстел теннисі

·        Дзюдо

Спартакиаданың қортындысы 10-шы қыркүйекте белгілі болмақ.

Еске сала кетсек, есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы алғашқы Cпартакиада 2014 жылы Алматы қаласында спорттың 5 түрінен өтсе, II-ші Спартакиада 2018 жылы Ақтөбе қаласында спорттың 10 түрінен өткен болатын.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seven − 4 =