Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрама командасы халықаралық турнирде жеңіске жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрама командасы халықаралық турнирде жеңіске жетті


9-11 қыркүйек аралығында Босния және Герцеговинаның Лукавац қаласында волейболды отырып ойнаудан халықаралық турнир өтті. Жарыста Қазақстан, Сербия, Хорватия, Словения мен Босния және Герцеговина командалары қатысты.

Турнирде Қазақстан құрамасы топтық кезеңнен бірінші болып шығып, жартылай финалда Сербия командасын 3:1 есебімен ұтты. Финалда  Токио-2020 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері  Босния және Герцеговина командасымен кездестіп, 3:0 есебімен Қазақстан құрамасы жеңімпазы атанды.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарымыз осал болмады. Дегенемен дода барысында Қазақстан құрамасы нағыз шеберлік танытып, жүлделі орынға ие болды. Бұл үлкен еңбекпен келген жеңіс.  Пара волейболшыларды қолдап, демеуші болған Sport Qory мен «Самрук Қазына» АҚ үлкен алғыс білдіреміз!»,  – деді команда басшысы Батыр Кадырбай.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың  4-11 қараша аралығында Босния және Герцеговина астанасы  Сараево қаласында өтетін әлем чемпионатында  Қазақстан құрамасының қатысуы жоспарлануда. Аталған чемпионат 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алуға рейтингтік жарыс болып келеді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × five =