Пара таеквондодан ашық Азия чемпионатында қазақстандықтар 5 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара таеквондодан ашық Азия чемпионатында қазақстандықтар 5 медаль жеңіп алды


Бейрут қаласында 9-10 қыркүйек аралығында пара таеквондодан ашық Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 14 мемлекеттен 70-тен астам спортшы қатысты.

Қазақстандық спортшылар чемпионатта 1 «алтын» және 4 «қола» медальді еншіледі:

1 орын – Салимгереева Марьям (-65 кг);

3 орын – Домбаев Нұрлан (-80 кг);

3 орын – Өміралі Нышан (+80 кг);

3 орын – Кушербаев Бауыржан (-63);

3 орын – Гариполлаев Алишер (+80 кг).

Сондай-ақ, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 3-ші орын алса,  1-ші орынға Иран, 2-ші орынға Өзбекстан  елдері ие болды.

«Ливанда өткен ашық Азия чемпионат рейтингтік жарыстардың бірі болып келеді. Жарыста спортшылар өз шеберліктерін жақсы көрсете білді. Осындай дәрежедегі жарыста орын алу үлкен жетістік. Қазіргі таңда Нұрлан әлемдік рейтингте 2 орында болса, Нышан 5 орында, Бауыржан  мен Алишер 9 орында тұр. Ал,  Марьям үздік 20-дан көрінуде», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Ерлан Суеуов.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen + 12 =