Грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар жеңіске жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар жеңіске жетті


Есту қабілеті зақымданған спортышлар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар 1 «алтын» және 2 «қола» медельді жеңіп алды. Ал, жастар арасында ел спортшылары 2 «алтын», 2 «күміс» және 2 «қола» медальді еншілеп, командалық есепте 1 орынды иеленді.

Ересектер арасында:
1 орын – Асан Нұржан (82 кг);
3 орын – Орманов Абылайхан (63 кг);
3 орын – Шонку Хайратхаан (130 кг).

Жастар арасында:
1 орын – Самарин Андрей (67 кг);
1 орын – Әбдрәсіл Рамазан (97 кг);
2 орын – Бабашов Сұлтан (63 кг);
2 орын – Прогудин Денис (72 кг);
3 орын – Мырзаев Азамат (77 кг);
3 орын – Тілеумбет Мухаметали (82 кг)

Еске сала кетсек, байрақты бәсекенің алғашқы күндері кадеттер арасында белдесулер өтіп, ел құрамасы 3 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола» медальмен командалық есепте 1-ші орынды иеленген болатын.

Бішкекте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты 2-6 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа 16 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты. 7-11 қыркүйек аралығында спортшылар еркін күрестен өнер көрсетеді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × 1 =