Қазақстандық кадеттер грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында әлем чемпионатында жеңіске жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық кадеттер грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында әлем чемпионатында жеңіске жетті


Бішкекте грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған кадеттер арасында әлем чемпионаты  өтті. Жарысқа 16 мемлекеттен 160-тан астам спортшы қатысты.

Қазақстандық палуандар әлем чемпионатында 3 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола» медальді еншіледі:

1 орын –  Сейткерім Дамир  (48 кг);

1 орын – Жолдақан Ердаулет (55 кг);

1 орын – Мұстафаұлы Жандос (60 кг);

2 орын – Омар Жасұлан (65 кг);

2 орын – Жылқышыбай Айқын (71 кг);

3 орын – Камидин Рүстем (51 кг).

Сондай-ақ, командалық есепте Қазақстан құрамасы 1-ші орынды, Қырғызстан 2-ші орынды және Армения 3-ші орынды иеленді.

Айта кетсек, Бішкекте грек-рим күресінен есту қабілеті зақымданған кадеттер арасында әлем чемпионаты 2-3 қыркүйек аралығында өтті. Әлем чемпионаты 4-6 қыркүйек аралығында  жастар және ересектер арасында жалғасатын болады. Ал,  7-11 қыркүйек аралығында спортшылар еркін күрестен өнер көрсетеді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen − 4 =