Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды


Бүгін казақстандық спортшы, Токио-2020 Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев Дубайда өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Ол 54 келіге дейінгі салмақта 180 келіні бағындырып, алтын жүлдені жеңіп алды. Ал күміс жүлдені 179 кг бағындырған қытайлық спортшы алды және жарыстың қоласы Нигерияның спортшысына (178 кг) бұйырды.

Оған қоса,73 кг салмақта өнер көрсеткен Раушан Қойшыбаева әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды. Үш тәсілдің қосынды бойынша қазақстандық пара спортшы 317 кг бағындырды. Жарыстың алғашқы күндерінде Раушан ардагерлер арасында сынға түсіп, қос алтын медальға ие болды.

Айта кетсек, пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты тамыздың 22 мен 30 аралығында Дубайда өтуде.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eleven − 9 =