Қазақстандық пара дзюдошылар Ұлыбританияда жеңіске жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара дзюдошылар Ұлыбританияда жеңіске жетті


Пара дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы Әлемдік IBSA ойындарының командалық жарысында жеңімпаз атанды. Еліміздің спортшылары ширек финалда Грузияны 4:1 есебімен, жартылай финалда Бразилияны 4:2 есебімен және финалда Өзбекстан құрамасын 4:0 есебімен жеңді.

Жарыстың алғашқы күндерінде қазақстандық пара дзюдошылар 1 «алтын», 2 «күміс» және 2 «қола» медальға қол жеткізді. Соның ішінде Ақмарал Науатбек алтын медальға, Ерғали Шамей мен Аманжол Жанбота күміс медальға, ал Ануар Сариев пен Олжас Оразалыұлы қола жүлдеге ие болды.

Айта кетсек, пара дзюдодан Әлемдік IBSA ойындары 23-26 тамыз аралығында Бирменгем (Ұлыбритания) қаласында көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтуде. Биыл аталмыш жарыстың нәтижесі әлем біріншілігінің нәтижесіне теңестірілді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

18 − eight =