Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен жастар арасындағы әлем чемпионатында 14 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен жастар арасындағы әлем чемпионатында 14 медаль жеңіп алды


Дубай қаласында жастар арасындағы пара пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 6 «алтын», 3 «күміс» және 5 «қола» медальді еншіледі.

 

Атап айтқанда:

Әйгерім Айдарқызы  -41 кг салмақ дәрежесінде 2 «алтын»;

Снежанна Бойко -45 кг салмақ дәрежесінде 2 «алтын»;

Али Галимулин -59 кг салмақ дәрежесінде 2 «алтын»;

Зарина Эшир -50 кг салмақ дәрежесінде 2 «күміс»;

Фархат Мутунов -48 кг саламақ дәрежесінде 1 «қола», 1 «күміс»;

Ерсен Станбек -59 кг саламақ дәрежесінде 2 «қола»;

Шалқар Акмолдаев -88 кг салмақ дәрежесінде 2 «қола».

 

«Қазіргі жарыстардың бір екеркешілігі жаңа ережеге сәйкес спортшы 2 медальді  жеңіп алуға мүмкіндігі бар. Біріншісінде жоғарғы салмақты бағындырса, екіншісінде үш тәсілдің нәтижелерінің қосындысы бойынша. Жарыста спортшыларымыз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жақсы нитижеге қол жеткізді. Дубайда жастар арасындағы жарыстар өз мәресіне жеткенімен, 31 тамызға дейін ересектер арасында әлем чемпионаты жалғасатын болады. Онда ел намысын 18 спортшы қорғайды», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара пауэрлифтингтен команда басшысы Ұлан Ануар.

 

Айта кетсек, жастар арасындағы пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты 18-23 тымзы аралығында өтті. Жарысқа 23 мемлекеттен 51 спортшы қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

13 + 14 =