IBSA Әлем ойындарының алғашқы күнінде қазақстандық пара дзюдошылар 4 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

IBSA Әлем ойындарының алғашқы күнінде қазақстандық пара дзюдошылар 4 медаль жеңіп алды


Бүгін IBSA Әлем ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық пара дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальды жеңіп алды.

Байрақты бәсекеде  48 кг салмақта, J2 санатында өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек финалдық белдесуде украиндық спортшы Юлия Ивантскаяны ұстау әдісімен жеңіп, чемпион атанды.

Жарыстың күміс жүлдесін J1 санатында, 73 кг салмақта сынға түскен отандасымыз Ерғали Шамей иеленді. Ерғали финалда румындық спортшы Флорин Болагамен кездесіп, қосымша уақытта қарсыласына 3 шидомен есе жебірді.

Ал 60 кг салмақта, J2 санатында белдескен Ануар Сариев пен J2 санатындағы 73 кг салмақта белдескен Олжас Оразалыұлы жарыстың қола медальдарына ие болды. Ануар ақтық тартыста кореялық споршы Мин Лимен кездесіп, иппонмен жеңді. Өз кезегінде Олжас украиндық Руфат Махаммедты жеңіп, жарыстың жүлдегері атанды.

Айта кетсек, IBSA Әлем ойындары Ұлыбританияның Бирменгем қаласында 20-27 тамыз аралығында өтуде. Аталмыш жарыс көру қабілеті зақымданған (J2) және мүлдем көрмейтін (J1) спортшылар арасында өтеді. Биыл IBSA Әлем ойындарының нәтижесі әлем чемпионатына теңестірілді. Осыған орай, Ақмарал Науатбек әлем біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы болып саналады.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × two =