Спорт күні қарсаңында ұжым қызметкерлері марапатталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Спорт күні қарсаңында ұжым қызметкерлері марапатталды


Спорт күнін мерекелеу қарсаңында Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығында (бұдан әрі – Орталық) салтанатты жиын өтті.

Жиында Орталықтың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Құрметтi спорт қызметкерi» төс белгілерімен, алғыс хатпен  құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі:

Молдахметов Бек Әбікенұлы –  Спорт бойынша басқармасының Сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің күрестен аға жаттықтырушысы.

«Құрметтi спорт қызметкерi» төс белгісі:

Иманалиева Гульнар Абилхайровна –  Спорт бойынша басқармасының паралимпиадалық спорт түрелері бөлімінің пара үстел теннисінен аға жаттықтырушысы.

Анапин Айдын Жұматұлы – Спорт бойынша басқармасының паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің пара дзюдодан, пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан команда басшысы.

Калиакпаров Асхат Қанатұлы – Спорт бойынша басқармасының паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің каноэ бойынша бас жаттықтырушысы.

Матеуов Ернар Жаксыгалиевич – Спорт бойынша Басқармасының паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің волейболды отырып ойнаудан аға жаттықтырушысы.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

«Құрмет грамотасы»:

Амантугулова Салтанат Ермекқызы – Әкімшілік-экономикалық жұмыс Басқармасының жоспарлау экономикалық бөлімінің басшысы;

Алия Сағындық – Әкімшілік-экономикалық жұмыс Басқармасының жоспарлау экономикалық бөлімінің экономисі;

Онгарбаева Гульжанат Тулегеновна –  Әкімшілік-экономикалық жұмыс Басқармасының жоспарлау экономикалық бөлімінің экономисі.

Жұмағұл Алмагүл Зекенайқызы – Әкімшілік-экономикалық жұмыс Басқармасының жоспарлау экономикалық бөлімінің экономисі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Алғыс хаты»:

Тахауов Бауыржан Бакытович – Спорт бойынша Басқармасының паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің волейболды отырып ойнаудан бас жаттықтырушысы;

Тиховский Александр Григорьевич – Спорт бойынша Басқармасының паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы;

Тусипов Руслан Аткелтирович – Спорттық іс-шараларды өткізу бөлімінің басшысы;

Батыр Қадырбайұлы – Спорт бойынша Басқармасының паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің басшысы;

Дукуева Мейрамгуль Дюсембайқызы –  Астана қаласы әкімдігінің «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушысы.

Салтанатты шара барысында  Орталықтың директоры Мейрамбек Махамбетов мекеме қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Сіздерді кәсіби мереке – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – денсаулық, күш-жігер, шыдамдылық, сергектік мерекесі. Сіздердің кәсібилігтеріңіз бен күш-қуаттарыңыз, тәжірибелеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыздың арқасында еліміздің мерейі өсіп, даңқы шығуда. Алдағы уақытта да қазақ спортының дамуына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін! Деніңізге саулық, отбасыңызға береке тілеймін! Еліміздің спорттық жетістіктері арта берсін!»,- деді Орталықтың директоры өз сөзінде.

Айта кетсек, Спорт күні – Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес, елімізде тамыз айының әр үшінші жексенбісінде атап өтіледі.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

19 + 8 =