Еркін күрестен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар жеңіске жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Еркін күрестен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар жеңіске жетті


Бішкекте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында еркін күрестен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс ересектер, жастар және кадеттер арасында өтті. Байрақты бәсекеде  қазақстандық палуандар 6 «алтын», 10 «күміс» және  4  «қола» медельді жеңіп алды.

 

Ересектер арасында қазақстандық палуандар 1 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола» медальді еншілеп,  командалық есепте 3-ші орыннан көрінді:

1 орын –  Пернеш Шадияр (70 кг);

2 орын – Бөкеев Нұрмахан (57 кг);

2 орын – Жақсылық Досымжан (65 кг);

2 орын – Әлдібаев Шыңғысхан (86 кг);

2 орын – Шонку Хайратхаан (125 кг);

3 орын – Тұрғынбай Ғасыр (74 кг);

3 орын –  Рсалы Сабыржан (79 кг).

 

Жастар арасында палуандарымыз 1 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола» медальға ие болып, командалық есепте 1-ші орынды еншіледі:

1 орын – Самарин Андей (65 кг);

2 орын – Молдағали Нұрхан (57 кг);

2 орын – Уразбаев Камиль (70 кг);

2 орын – Әзи Рамазан (86 кг);

2 орын – Жангабулов Искандер (74 кг);

3 орын – Амангелді Райымбек (79 кг);

3 орын – Бородин Константин (97 кг).

 

Кадеттер арасында Қазақстан құрмасы 4 «алтын» және 2 «күміс» медаль еншілеп, командалық есепте 1-ші орынға ие болды:

1 орын – Аскар Дарын (48 кг);

1 орын – Камиден Рустем (51 кг);

1 орын – Салкинбек Эльдар (55 кг);

1 орын – Мырзахмет Нышанбек (60 кг);

2 орын – Шолпанбай Дулат (65 кг);

2 орын – Жылқышыбай Айқын (71 кг).

 

Айта кетсек, Бішкекте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында еркін күрестен әлем чемпионаты 7-11 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа 16 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

7 + sixteen =