Ханчжоу-2022 IV жазғы Азия Пара ойындарына ұлттық құраманың дайындық барысы талқыланды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ханчжоу-2022 IV жазғы Азия Пара ойындарына ұлттық құраманың дайындық барысы талқыланды


Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға араналған спорттық даярлау орталығында (бұдан әрі – Орталық) Ханчжоу-2022  IV жазғы Азия Пара ойындарына ұлттық құрама спортшыларының дайындық барысы бойынша жиналыс өтті.  Жиынға Туризм және спорт министрілігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының орынбасары Байжанов Бекболат Құстүтінұлы, Комитеттің Ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Қасқырбаев Марат Дайырұлы және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша команда басшылары мен бас жаттықтырушылары қатысты.

Жиналысты Орталықтың директорының міндетін атқарушысы Өмірзақов  Әділхан Болатханұлының аталмыш жарысқа дайындық жұмыстары бойынша баяндамамен ашты.

«IV жазғы Пара Азия ойындарына Қазақстан тарапынан 13 спорт түрінен 131 спортшы қатысады. Пара Азия ойындарына сапалы дайындық пен жоғарғы нәтиже көрсету мақсатында жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 13 спорт түрінен құрама командалар 40 спорттық іс-шараға және 30-дан астам оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Оған қоса Қазақстан делегациясына 150 дана эпикировка сатып алында және ту ұстаушыларға 2 комплект арнайы киім тіктірілді. Алдағы ойындарға сапалы дайындықпен барып, үздіктер қатарынан көріну»,-деді өз сөзінде Әділхан Болатханұлы.

Сондай-ақ, әр спорт түрінен бас жаттықтырушылар сөз алып, спортшылардың қазіргі таңдағы дайындығы мен қолданыстағы  методикалар туралы баяндамалар жасалды.

Айта кетсек,  IV жазғы Пара Азия 2023 жылғы 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында (ҚХР) өтеді. Жарысқа спорттың 22 түрі бойынша өтеді және медальдардың 564 жиынтығы ойнатылады.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twenty − one =