Қазақстандық пара таеквондошылар әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара таеквондошылар әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды


Веракрус қаласында 21-24  қыркүйек аралығында пара таеквондодан әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 42 мемлекеттен 300 ден астам спортшы қатысты.

 

Жарыста қазақстандық спортшылар 2 алтын және  3 қола медельді еншіледі:

 

1 орын – Далиев Сиязбек (К41 -70 кг);

1 орын –  Мукашев Малик (К41. -80кг);

3 орын – Гариполлаев Алишер (К44 +80кг);

3 орын – Овсепян Карен (Р31 пумсе);

3 орын – Сериков Даурен (Р31 пумсе).

 

«Чемпионат біздің команда үшін 12 сағаттық айырмашылығы бар әлемнің өте шалғай жерінде орналасқан Мексика мемлекетінде өтті. Мұнда келген сон ең қиыны климатқа бейімделу болды. Бұл менің пара таеквондодан қатысып жатқан бірінші әлем чемпионатым және менің алғашқы медалім. Одан әрі биылғы жоспарымыз қазан айында Ханчжоуда өтетін Азия Пара ойындарына қатысу.  Сол себептен барлық спортшыларға алдағы Азия Пара ойындарында сәттілік пен жеңіс тілеймін!», – деді пара таеквондодан ұлттық құраманың мүшесі Сиязбек Далиев.

 

Айта кетсек, әлем чемпионатыда спортшылар  9 санат бойынша өнер көрсетті. Оның ішінде тек К44 санатындағы  спортшылар Паралимпиада ойындарына қатыса алады.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × 2 =