Грек-рим күресінен әлем чемпионымен жүздесу – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Грек-рим күресінен әлем чемпионымен жүздесу


Жуырда Бішкек қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеде отандасымыз Асан Нұржан 82 кг салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды.

Дүбірлі додадан кейін Нұржанның сапары Астанаға түсіп, бүгін «Qazaqstan» ұлттық арнасында көрермендермен дидарласып, одан әрі спорт сүйер қауыммен бірқатар кездесулер өткізіп, алдыңғы буынның батасын алып, кейінгі толқынның ықыласына бөленді.

Өз кезегінде Нұржан Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы директорының міндетін атқарушысы Өмірзақов Әділхан Болатханұлымен жүздесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.  «Біздің көздейтініміз табыс емес, ұлттық намыс», – деп ұран еткен Нұржанға Әділхан Болатханұлы өзінің ізгі лебізін білдіріп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Еске сала кетсек, Бішкекте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты 2-6 қыркүйек аралығында өтті. Ересектер арасында спортшыларымыз 1 «алтын» 3 «қола», жастар арасында 2 «алтын» 2 «күміс» және 2 «қола», кадеттер арасында 3 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола» медальді еншілеген болатын. Жарысқа 16 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × three =