Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты басталды


Бүгін Астана қаласында «Тарлан» мұз айдынында пара хоккейден әлем чемпионаты (B-Pool) басталды. Елімізде тұңғыш рет өтетін байрақты бәсекеде Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония және Қазақстан командалары өнер көрсетеді. Чемпионатта алғашқы екі орынды иеленген командалар 2024 жылы өтетеін пара хоккейден «А-Pool» әлем чемпионатына жолдама алады.

Жарыстың салтанатты ашылу  рәсімне Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрінің міндетін атқарушы Сәрсен Абайұлы Құранбек, Астана қаласының  дене шынықтыру және спорт басқармасы директорының орынбасары Еркеғали  Корбозов, Ұлттық Паралимпиада комитетінің Вице президенті Сапаров Бахыт Аманжолұлы және Қазақстан пара хоккей федерациясының Президенті Болат Бушанов қатысып, спортшыларға сәттілік  тіледі.

«Пара хоккейден ұлттық құрама 2022 жылы Тайландта өткен «С-Pool» әлем чемпионатында екінші орын алып, «B-Pool» жарыстарына жолдама алды. Міне енді «B-Pool» әлем чемпионаты елордамызда өтеді. Бұл халыақаралық спорт қауымдастығының елімізге артқан сенімі деп білеміз. Осы жарысты лайықты деңгейде өткізуге басты серіктестеріміз Sport Qory, «Самұрық-Қазына» АҚ, Туризм және Спорт министрілігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық Паралимпиада комитеті, Астана қ. спорт және дене шыңықтыру басқармасы үлкен көмек көрсетуде. Бірігіп әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін»,-деді Қайрат Сабиров, пара хоккейден Қазақстан федерациясының бас хатшысы.

Айта кетсек, жарыс 6-11 қазан аралығында Астана қаласында Тұран 5/1 мекенжайында орналасқан «Тарлан» мұз айдынында өтеді. Бүгін 19.00-де Қазақстан құрамасы Словакия құрамасына қарсы ойнайды. Матчтың тікелей трансляциясын Setanta Kazakhstan телеарнасында және YouTube желісінде келесі сілтемесі бойынша тамашалауға болады: https://youtube.com/live/bUikQfyo5mk?


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four + thirteen =