Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлық проблемасы тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар әлем елдерінің көпшілігі үшін өзекті болып табылатын XXI ғасырдың жаһандық мәселелерінің бірі болып саналады. Сыбайлас жемқорлық, бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жиі аталып жүрген жаппай таралған құбылыс.

Сыбайлас жемқорлық, үнемі мұқият зерттеуді, жүйелі түрде қарауды, кешендік және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін, қазіргі заманғы қоғамның теріс құбылысы болып табылады. Елде орын алған сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен масштабы экономикалық дамуды тоқтатып тұр, инвестициялық климатқа кері әсерін тигізуде, елдің имиджін, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық жасауға қатысты халықаралық қызығушылықты төмендіп отыр.

Сыбайлас жемқорлық биліктің барлық деңгейлеріне және қазақстандықтардың тіршілік әрекетінің көптеген салаларына еніп кеткен және спорт та солардың қатарында. Бүкіл әлемдегі дене шынықтыру және спорт саласын қарастыратын болсақ, онда бұл жағдайда сыбайлас жемқорлық, спорт объектілерінің құрылысынан бастап, спортшыларды, төрешілерді және т.б. сатып алумен аяқталып, әртүрлі тәсілдермен тараған. Бірақ соңғы кездері «классикалық түрлермен» қатар, қорқыту, бопсалау, физикалық күш көрсету, соның ішінде тіпті тапсырыспен адам өлтіру тәрізді түрлері де белең алып келеді.

Бірнеше ғасыр бұрын ағылшын философы және әдебиетшісі Томас Гоббс сыбайлас жемқорлықты жамандықтың түп-тамыры деп, тамаша фразаны айтып кетті, одан туындайтыны қай заманда болмасын және қандай да болмасын қызықтыратын дүниелер бар кезде, қолданыстағы барлық заңға деген жек көрушіліктің болуы. Бұл «түп-тамыр» жоғары жетістіктер спорты саласында да аса тереңге еніп кеткен. Олимпиадалық хартияның 2-қағидасына сәйкес, халықаралық олимпиадалық қозғалыстың және Халықаралық олимпиадалық комитеттің негізгі функцияларының бірі – спортпен және спортшылармен байланысты кез келген саяси немесе коммерциялық теріс пайдаланушылықтарға қарсы тұру.

Бүгінгі таңда спорт коммерцияландырылған түрге айналып келе жатыр. Спортпен байланыстының барлығы коммерциялық мәмілелер затына айналып келе жатыр. Спортшылар көбінесе заңды бұза отырып жасалатын коммерциялық келісімшарттардың мәнісіне айналуда. Мәселен, келешегі бар спортшының құнын төмендету үшін, онымен келісімшарт жасау барысында кей кездері қысымның немесе мәжбүрлеудің әртүрлі түрлері қолданылуы мүмкін. Қазақстан спортшыларына да әсерін тигізген соңғы жылдардың допингтік жанжалдары, нәтижелердің ережелерді бұза отырып алынатындығы тәрізді жағдайлар туралы ойлануға мәжбүр етеді, сондай-ақ тиісті талдаулардың нәтижелері бойынша спортшыға тест нәтижелерінің егжей-тегжейлерін жариялаумен қорқытып қысым көрсетілуі мүмкін. Қысым сондай-ақ спортшы немесе оның отбасы мүшелері туралы өзге де мәліметтерді жариялаумен қорқытуда көрініс табуы мүмкін. Кейбір спорт клубтары дәл осындай заңға қайшы әдістермен кәсіпқой спортшылармен тиімді келісімшарттар жасауға қол жеткізіп жататындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Егер әлемдік тәжірибе туралы айтатын болсақ, онда аталған жағдайда, сыбайлас жемқорлық өтпелі кезең елдерінің шарасыз атрибуты болып табылады, ол елдердің қатарына Қазақстан да кіреді.

Сыбайлас жемқорлықтың басты себептерінің бірі біздің ойымызша мыналар болып табылады: азаматтардың және соның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларының төмендігі, заңнаманың дамымағандығы және жетілмегендігі, билік институттарының тиімсіздігі, мемлекеттің әлсіз кадрлық саясаты, сот жүйесі жұмысы сапасының төмендігі, тамыр-таныстық, қоғамның өз еркімен болуға қатысты енжар болуы және билік тарапынан болатын заңсыздық.

Қазіргі заманғы спортты коммерциаландыру оның дәстүрлі мәнінің өзгеруіне әкеледі, спортқа оңай олжа рухын енгізеді, мақсаты адамды физикалық және рухани жетілдіру болып табылатын олимпиадалық қағидалар туралы сартап болған ұғымдардың бұзылуына әкеледі. Спорттағы гонорарлар мен жүлделер екпінмен өсіп келеді, ол, өз кезегінде, қылмыс жасауға арбалып қалуды арттырады.

Сыбайлас жемқорлық — ол қоғамның барлық салаларына: саясатқа, экономикаға, әлеуметтік салаға кері әсерін тигізетін, өзінің өкілеттіктерін жеке басының мүдделеріне теріс пайдаланушылық; осы құбылыс тудыратын кері салдар ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп төндіреді. Атап айтқанда Қазақстанда мәдениет және спорт саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар саны күрт өсіп кетті. Қылмыстардың көпшілігі бюджет қаражатын қымқыру, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және парақорлық фактілерімен байланысты. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда бұрын сотталған, соның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін сотталған азаматтарды жұмысқа қабылдаумен көрініс табатын, кадрларды сапасыз іріктеу фактілері де орын алған.

Дарынды жастар талап етілмей қалады және құрылған инфрақұрылым тек «қолданыстағы ережелер бойынша ойнауға» дайын болғандар үшін ғана қолжетімді болады. Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың өзге бағыты – жарыстардың нәтижелеріне әсер ету мақсатында, спортшыларды, спорт төрешілерін, жаттықтырушыларды, командалар жетекшілерін және спорт жарыстарының басқа да қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (соның ішінде былайша айтқандағы келісілген матчтар) болып табылады. Мұндай қылмыстарға қатысты қолданылатын қылмыстық қудалау күннен-күнге көкейкесті мәселеге айналып келеді. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу, мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдығын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нақты белгілеп берді. Президент өзінің «Қазақстан халқына жолдауында» сыбайлас жемқорлықпен табанды және аяусыз күресуді мемлекеттің жеті басымдықтарының бірі ретінде атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу проблемасы заң ғылымында ерекше орында тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін белгілейтін аса маңызды құжат, 2003 жылғы 31 қазанда Бас Ассамблея резолюциясымен қабылданған, БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы болып табылады. Одан бөлек, БҰҰ-ның есірткіні бақылау және қылмыстың алдын алу жөніндегі комитеті 2001 жылғы маусымда дайындаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаһандық бағдарламасын» атап өткен жөн.

Ел басшылары, қоғам және саяси қайраткерлері, қазіргі заманғы жағдайда қозғалып отырған мәселе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жүйелі тәсіл туралы, әр нақты азаматтың профилактика жүйесіндегі рөлін өзгерту туралы болып жатқандығын бірнеше рет атап өткен болаты.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда дене шынықтыру және спорт саласында сыбайлас жемқорлықтың моральдық, құқықтық, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық алдын алуға арналған монографиялық зерттеулер жоқ, ол біз қарастырып отырған проблеманың толымды талдануын қиындатады. Дегенмен, сыбайлас жемқорлықпен күрестің заманауи тұжырымдамасының негізгі мақсаттарын негізге ала отырып, басты бағыттарды анықтауға болады (қарастырылып отырған құбылысқа қарсы іс-қимылға қатысты). Олардың ішінде мыналарды атап өтуге болады: сыбайлас жемқорлық қылмыстарын туғызатын және олардың жасалуына ықпал ететін барлық теріс факторлардың әрекеттерін жою, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекетке бейім тұлғаларды анықтау, олардың мұндай әрекеттерді жасауларына барғызбау мақсатында оларға қатысты арнайы шараларды қабылдау (соның ішінде тәрбиелік сипаттағы). Сонымен қатар спорт саласында сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды анықтап, жазалаумен ғана шектелмеуі тиіс. Ең алдымен, ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы шараларды жүзеге асыру қажет. Осы орайда, қылмыстар жасауға тікелей немесе жанама ықпал ететін ережелердің болуына жол бермеу мақсатында, дене шынықтыру және спорт саласындағы барлық маңызды заңнамалық және өзге де құқықтық актілердің жобаларын іске асыру ерекше назарда болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында отандық және шетелдік тәжірибені аса белсенді пайдаланып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажет. Дене шынықтыру және спорт саласында парламенттік, сот, қаржылық, ведомстволық, қоғамдық бақылауды, прокурорлық қадағалауды қамтитын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау жүйесін құру мақсатқа сай болады. Дамыған елдерде сыбайлас жемқорлықпен тек «жоғарыдан» – заңдар қабылдап, әртүрлі әкімшілік шараларды қолдану және т.б. арқылы ғана емес, сонымен қатар «төменнен» – азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету дағдыларын дарыту, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жалпы құқықтық сауаттылықтарын арттыру арқылы, оларға білім бере отырып күреседі. Мазмұндалғанды қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық – қайнар көзі кез келген мемлекеттің тұрмыс салтымен берік байланысқан, күрделі, өздігінен көбейетін құбылыс екендігін атап өту керек.

Дене шынықтыру және спорт саласында сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, қатардағы азаматтардың тұрақты функциясына айналуы тиіс, осыған орай, сыбайлас жемқорлықтың таралуына және өздігінен көбеюіне қарсы іс-қимылдың экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және құқықтық механизмдерін құру қажет.

Әдебиет:

1. Коррупция есть корень, из которого Коррупция есть корень. [Электронный ресурс] http://rpp.nashaucheba.ru/docs/index-140114.html
2. Олимпийская хартия в действии с 2 августа 2015 г.
3. Коррупция и государство. Причины, следствия, реформы: Сьюзан Роуз-Аккерман — Санкт-Петербург, Логос, 2010 г.
4. В Казахстане резко увеличилось число коррупционеров в сфере культуры и спорта.[Электронный ресурс] http://arna- kazaxstane-rezko-uvelichilos-chislo-korrupcionerov-v-sfere-kultury-i-sporta/
5. Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие», Астана, 30 ноября 2015 года.
6. Конвенция Организации Объединенных Наций против коррупции (принята Генеральной Ассамблеей ООН 31 октября 2003 г.)
7. Национальное бюро по противодействию коррупции. [Электронный ресурс] Today.kz.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × 2 =