Қазақстандық спортшылар пара жүзуден әлем Кубогының сериясында жүлдегер атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар пара жүзуден әлем Кубогының сериясында жүлдегер атанды


Германияда пара жүзуден әлем Кубогының сериясы өз мәресіне жетті. Жарыста  қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстандық спортшылар  4х100 метрге комплексті жүзу эстафетасында 5:34,36 секунд уақытты көрсетіп, күміс жүлдені еншілесе,  4х50 метрге аралас эстафетада 2:36,39 секунд нәтижесімен қола жүлдегер атанды.

Эстафеталық қашықтықтарда жерлестеріміз Алина Синельникова, Нурали Советканов, Сиязбек Далиев, Амир Муратбеков және Алина Дубинина өнер көрсетті.

Жарыста қазақстандық Сергей Кинах  200 м брасста және Алина Дубинина 50 м брасста Азия рекордын жаңартты.

Айта кетсек, пара жүзуден әлем Кубогының сериясы Берлин қаласында мамырдың 11-14 аралығында өтті. Жарысқа 50 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × four =