ҚР VI Паралимпиада ойындары: Футбол 5х5-тен жеңімпаз команда анықталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ҚР VI Паралимпиада ойындары: Футбол 5х5-тен жеңімпаз команда анықталды


Қазақстан Республикасының VI-шы жазғы Паралимпиада ойындары аясында футбол 5х5-тен өткен матчтар өз мәресіне жетті. Жарыс нәтижесінде бірінші орынды Алматы облысының командасы жеңіп алды. Ал, екінші орынды Алматы қаласы, үшінші орынды Түркістан облысы еншіледі.

«Футбол 5х5 – көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында маңызды спорт түрлерінің бірі болып келеді. Бұл спорттың арқасында өзімізді барынша шыңдаймыз. Себебі біз шаршы алаңда ойын арқылы бағдарлау сезімін, оның ішінде есту қабілетін арттырып дамытамыз. Бізге ол қоғамда бейімделуге, еркін болуға зор ықпалын тигізеді. Бұл рухмызды көтеріп, жеңіске деген ерік-жігерді нығайтады. Ал, жарқын жеңістер одан үлкен белестерді бағындыруға жетелейді», – деді Алматы облысының футбол 5х5 команда капитаны және ұлттық құрама спортшысы Қанат Ақамбаев

Айта кетсек, футбол 5х5 Алматы қаласында 11-15 мамыр аралағында өтті. Жарысқа еліміздің  6 өңірінен 80 спортшы қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen − seven =