Түркістанда сурдо спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен ел біріншілігі басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Түркістанда сурдо спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен ел біріншілігі басталды


Түркістанда 15-20 сәуір аралығында есту қабілеті зақымданған жастар арасында еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

«Қазақстанда  сурдо спортшылар арасында еркін және грек-рим күресі қарқынды дамып келеді. Елімізде кәсіби спортта 2200-ге жуық сурдо спортшы болса, оның ішінде 150-ден астамы еркін күреспен, 170-ке жуыға грек-рим күресімен айналысады. Осы чемпионатқа еліміздің 10 өңірінен 160-қа жуық спортшы қатысады. Жарыстың нәтижесі бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық құрама сапына іріктелетін болады»,- деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық  даярлау орталығының әдіскері Еділ Айтбаев.

Еске сала кетсек, 2023 жылы Бішкекте сурдалимпиадалық еркін күресінен әлем чемпионатында жас палуандарымыз 1 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола» медальға ие болып, командалық есепте 1-ші орынды еншіледі. Ал  жасөспірімдер арасында спортшыларымыз әлем чемпионатында 4 «алтын» және 2 «күміс» медаль жеңіп, командалық есепте 1-ші орынға ие болды. Грек-рим күресінен  жастар арасында ел спортшылары 2 «алтын», 2 «күміс» және 2 «қола» медальді еншілеп, командалық есепте 1 орынды иеленген болатын.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five + seven =