Литвада голболдан халықаралық турнир аяқталды. Ел құрамасы 11 орынға ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Литвада голболдан халықаралық турнир аяқталды. Ел құрамасы 11 орынға ие болды


11-14 сәуір аралығында Литваның Тракай қаласында голболдан халықаралық турнир өтті.  Жарысқа  12 мемлекеттің командалары қатысты. Жарыс қорытындысына сәйкес  ұлттық құрама 11-ші орыннан көрінді.

«Турнир көру қабілеті зақымданған адамдарға арналған халықаралық спорт федерациясының (IBSA) ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды. Ұлттық құрама С тобында Бельгия, Израиль және Финляндия елдерімен сыңға түсті. Алайда топтық кезеңнен өте алмады. Бірақ жарыстағы мақсатымыз алдағы 2025 жылы өтетін Азия чемпионаты алдында құнды халықаралық тәжіриебе алу болды. Сәйкесінше Азия чемпионатында нәтижелі ойын көрсетсек, ол келесіде әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді. Дайындық жұмыстары жоспарлы түрде өтуде. Бұл бағытта маусым айында Қытай елінде, шілде айында Түркия елдінде халықарлық оқу-жаттығу жиындары жоспараланған. Сонымен қатар маусым айында Қытайда халықаралық турнир өтеді. Алдыда осы дайындықтар мен халықаралық жарыстарға қатысып, ұлттық құрама споршылары өз шеберліктерін шыңдайтын болады», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының голболдан команда басшысы Мәулен Нәсіпқали.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × two =